"Жәдігерлердегі тарих" онлайн жобасы. ХІХ ғ.басы мен ХХ ғ.соңындағы қала интерьері
Күн сайын әлемнің ондаған мың азаматы өз білімдерін байытуға және әсемдікпен кездесуге ұмтыла отырып, музейлерге барады. Музейлер ежелгі дәуірге баруға, адамзаттың шынайылығын, жетістіктерін көруге және тіпті болашаққа көз жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан музейлерінде бізге, қазақстандықтарға, халқымыздың мақтанышы болып табылатын қымбат нәрселердің барлығы мұқият жиналып, сақталуда және бұл заңды: өйткені өткенді бағаламайтын халық болашаққа лайықты емес.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жариялануымен біз халқымыздың және мемлекеттің тарихи өткеніне үлкен назар аударылғанын байқаймыз. Ол Қазақстан тарихының мәселелерін зерттейтін ғалымдардың қызметін жандандыруда ғана емес, бүкіл қазақстандық қоғамның ата-бабаларымыздың даңқты тарихына, олардың жеңістері мен жетістіктеріне деген қызығушылығының айтарлықтай артуында көрініс табады, өз кезегінде тарих ескерткіштері мен музей жәдігерлері бұның жарқын куәгерлері болып табылады.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі өзінің 100 жылдық мерейтойына орай «Жәдігерлердегі тарих» атты жаңа онлайн жобасын іске қосады. Көптеген жылдар бойы ғылыми қызметкерлер бірегей музей заттарының бай коллекциясын жинады, олардың ең үздіктері облыстық музейдің экспозициялық залдарында ұсынылған. Әр зат, құжат, фотосурет – бұл адам тарихы, отбасы тарихы, өлке тарихы.
Құрылған күні: 31.03.2020 21:04
Жаңартылған күні: 31.03.2020 21:04
Қаралым саны: 1730