Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

"Музей жәдігеріндегі соғыс жаңғырығы" айдары Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады

Рубрика "Эхо войны в музейном экспонате" в год 75- летия Великой Победы 0 Рубрика "Эхо войны в музейном экспонате" в год 75- летия Великой Победы 1

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясында «Ақмола облысының XX ғасыр тарихы» залында, «1941-1945 жж. соғыс» бөлімінде біз мақтан тұтатын музей раритеттерінің бірі - Кеңес Одағының Батыры әскери ұшқыш Иван Федорович Омиговтың шлемофоны ұсынылған (12.09.1923, Макинск қ. - 12.05.1966, Воронеж қ.). Бір айдан кейін бізге үлкен және қуанышты мереке – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы келеді. Майдангерлер ордендерін тағып, салтанатты марш ойналады.... Жыл сайын азайып келе жатқан ардагерлер өздерінің жауынгерлік жастық шақтарын еске алатын болады, олардың Ұлы Жеңіске 1418 күн мен түндер соғыстың қиын жолдарымен жүріп өткенін, тылдағы жанқиярлық еңбегімен өшпес күнді жақындатқанын еске алатын болады. Фашистік Германияны талқандауға біздің Көкшетаудың мәңгілік алауы жанындағы Даңқ Ескерткішінде алтын әріптермен аты мәңгілікке қалған жерлесіміз де үлкен үлес қосты. Бұл ерекше жәдігер 123 сәтті жауынгерлік ұшу жасаған кеңес ұшқышы, кіші лейтенант Иван Омиговтың ерлігі мен батырлығы туралы айтады. Оның жеке жауынгерлік есебінде 11 жау ұшақтары, 38 атып қиратылған доттар пен дзоттар, 13 дала және 62 зениттік қарулар, 49 зенитік пулеметтер және 25 минометтер бар. Ұшқыш И.Омиговтың Жеңіске қосқан жеке үлесі осындай.

Яндекс.Метрика

A+AA-