«Жеңіс сарбазы» айдары. Савва Крыжановский (1914-1970)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия кіші лейтенанты
1914 ж. 25 тамызында Ақмола губерниясы Қызыл әскер ауданы Тайынша бекетінде дүниеге келді. 1942 ж. желтоқсанынан Ұлы Отан соғысына қатысқан. 7 –ші мотоатқыштар бригадасының командир лауазымында, Оңтүстік Воронеж және 1-ші Украина майдандарында шайқасты. Гвардия сержанты барлаушы бір жыл ішінде жаудың 96 әскері мен 5 офицерін жойды, 4 танкісі мен 3 бронетранспортерін, 6 автомашинасын, екі қол пулеметі мен бір станокты пулеметін істен шығарды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 10 қантардағы Жарлығымен фашистік басқыншыларға қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін ерлік пен батырлық танытқан С. Крыжановскийге Ленин ордені мен “Алтын жұлдыз” медалі бірге табысталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 ж. ол ауыр жарақат алып, майданға оралмады да, 1945 жылы кіші лейтенант атағымен запасқа шығарылды. 1970 ж. 10 қыркүйегінде қайтыс болған, Украина Николаев облысының Первомайск қаласында жерленген.
Құрылған күні: 10.04.2020 12:29
Жаңартылған күні: 10.04.2020 12:29
Қаралым саны: 1634