Құрметті достар, Атбасар тарихи-өлкетану музейінің екінші қабаты бойынша онлайн-экскурсиямызды жалғастырамыз
«Қала тарихы» залында Ресей, Украинадан қоныс аударушы шаруалардың бірегей құжаттары мен тұрмыстық заттары, сонымен қатар 1914-1937 жж. аралығындағы өлке тарихын көруге болады. Жеке экспозиция Атбасардың Ұлы Отан соғысы (1941-45) мен Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіне, сондай-ақ атақты адамдар, Атбасар ауданының тумалары, XX ғасырдың ортасының өндіріс озаттарына арналған.
2018 жылы археология, этнография, ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Атбасар ауданының тарихы залдарына реэкспозиция жүргізілді, сонымен қатар, Алаш Орда партиясының қайраткерлеріне арналған облыстағы жалғыз зал ашылды.
2019 жылы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атбасар ауданының Ұлы Отан соғысы және тың кезеңіне арналған жаңартылған зал ашылды.
Құрылған күні: 10.04.2020 15:11
Жаңартылған күні: 10.04.2020 15:12
Қаралым саны: 1462