«Жеңіс сарбазы» айдары. Алексей Куница (1912-1943)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия аға сержанты
1912 ж. 12 мамырында Ақмола облысы Бурабай ауданы Николаевка селосында дүниеге келді. 1943 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының майданында, Воронеж майданы 60 –шы әскердің 2-ші гвардия әуе-десанттық дивизиясы 4-ші гвардия әуе-десант полкында взвод басқарады. А.Куница 1943 ж. 10 қазанында Киев облысы Чернобыль ауданы Рубин ауылы маңында Днепр өзенінің оң жақ жағалауында плацдармды жауға бермей ұстап, ерлігімен көзге түсті. 1943 жылы 10 қазанда шайқаста қайтыс болды. Украина Сумск облысы Конотоп ауданы Сосновка селосында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумның 1944 жылғы 10 қантардағы Жарлығымен сержант А.Куница Кеңес Одағының Батыры қаза тапқаннан кейін атағын алды. Ленин орденімен марапатталған. Оның құрметіне Николаевка селосының орта мектебіне оның есімі берілді. Көкшетау қаласының көшлерінің біріне 1991 ж. А.Куница есімі берілді.
Құрылған күні: 12.04.2020 11:21
Жаңартылған күні: 12.04.2020 11:21
Қаралым саны: 1974