«Жеңіс сарбазы» айдары. Михаил Константинов (1922-1989)
Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш, гвардия кіші лейтенанты
1922 ж. 25 желтоқсанда Ақмола губерниясы Рузаев ауданы Чистополье селосында дүниеге келген (қ. Солтүстік Қазастан обл.). 1940 ж. бастап Қызыл Әскер қатарында. 1944 ж. маусымынан Ұлы Отан соғысына қатысқан. 4-әуе әскері 43-ші шабуылшы авиация Волковыск Қызылту полкінің аға ұшқышы, ИЛ-2 ұшағымен 148 әскери тиімді ұшулар жасап, өзінің бомба тастау және шабуылдап соққы беру шеберлігінің арқасында жаудың күштері мен техникасы ауыр шығындар келтірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен неміс басқыншаларымен күрес майданында жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны, сонымен бірге көрсеткен ерлігі және батырлығы үшін М.Константиновке Ленин ордені және Алтын жұлдыз медалін табысталумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыс аяқталған кейін Әскери-Әуе күштерінде қызметін жалғастырады. 1955 жылы Әскери-Әуе академиясын бітіріп, әртүрлі лауазымда қызмет атақарды, сондай-ақ авиациялық дивизия штабының басшысы болды. 1970 ж. бастап полковник М.Р. Константинов запаста. 1989 ж. 2 қарашасында қайтыс болды. Алуштада жерленген.
Құрылған күні: 13.04.2020 12:05
Жаңартылған күні: 13.04.2020 12:05
Қаралым саны: 1677