«Фараб-Отрар өркениеті» атты көрме
Бүгін, 2017 жылдың 17 мамыр күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде маңызды оқиға! Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі өздерінің «Фараб-Отрар өркениеті» атты көрмесімен бізде қонақта.
Бұл көрме «Астана ЭКСПО – 2017» мен Халықаралық музейлер күні қарсаңына орай және де 2017-2018 жылдарға арналған музей және музей-қорықтарын дамытуға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында болып жатыр.
«Фараб-Отрар өркениеті» көрмесінде 136 музейлік жәдігерлер қойылған. Көрменің ең құнды жәдігерлеріне – алтынмен жалатылған кемер белдік, зергерлік бұйымдарға – сырға, жүзік, шолпылар, майшамдар, дастархан (б.з. 11-12 ғғ.), жұқа фарфорлар, темірден жасалған еңбек құралдары, күміс және мыс теңгелер, кірпіштер мен көркем кірпіштерді жатқызамыз.
Қызықты жәдігерлерлер қатарына – жануарлар бейнесіндегі бойтұмарлар, әсіресе қой, ит, жылқы мүсіндері көрсетілген. Отрардың кейінгі даму кезеңіне – ХVІІ ғасырға тән қыш бұйымдарды жатқызамыз (азық-түлік сақтауға және су тасымалдауға арналған ыдыстар). Отрар қыш ыдыстары кең көлемде көрсетілген, материалының берік әрі түр-түсі жақсы сақталғандығына қарап ғасырлар бойы уақыттың ықпалы қалайша әсер етпегеніне таңқаласың.
Отрардың қасиеттілігі өте маңызды және де баға жетпес құндылығында. Қасиетті жерлердің бірі болғандықтан сөзсіз аса құрметпен қарауды қажет етеді, сондықтан да мұқият қорғалады.
Осы көрмені ұйымдастыруға ат салысып, қазақ халқының көне тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасағаны үшін Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Жандосов Айбек Қыстаубайұлына ерекше алғысымызды білдіреміз!
Көрме ағымдағы жалдың 3 маусымына дейін жалғасады.
Шақырамыз, келіңіздер!
Құрылған күні: 18.05.2017 14:20
Жаңартылған күні: 18.05.2017 11:26
Қаралым саны: 2795