«Жеңіс сарбазы» айдары. Акан Курманов (1918—1943)
Кеңес Одағының батыры, гвардия сержанты
1918 ж. 15 шілдесінде Ақмола облысы Атбасар уезі Қосбармақ ауылында дүниеге келген. 1939 ж. бастап Қызыл Әскер қатарында, кіші командалық құраманың полк мектебінде оқыды.Ұлы Отан соғысы жылдарында Орталық майданның 61-әскер 76 –гвардиялық Чернигов атқыштар дивизиясы 234 –гвардиялық атқыштар полкында пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 ж. 28 қыркүйкте Құрманов 9 жауынгерден құралған топты басқарып, Днепрді кесіп өтті. Фашистер мылтықтардан, пулеметтерден, зеңбіректерден жаңбырдай оқ боратса да, десантшылар жағаға шығып үлгерді. Бірнеше кеңес әскеріне қарсы олар ротаға жуық жаяу әскерін лақтырды. Күні бойы жалғасқан ауыр шайқас болды. Фашистер шегінді. Бұрынғы артиллерияшы Ақан Құрманов танкке қарсы зеңбіректі оның иелеріне қарсы бұрып, шабуылдаушылардың тізбегін атып тастады. Шебінді басып алып, батальон келгенше дейін ұстап тұрды. Бөлімше жаудың бірнеше шабуылын тойтарды. Соңғы осындай шабуылдардың бірінде десант командирі Құрманов қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төралқасының 1944 жылғы 15 қантардағы ЖарлығыменДнепрдің қиылысында және оң жақ жағалауда көпірді басып алу кезінде көрсеткен ерлігі батылдығы үшін гвардия сержанты А. Құрмановқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен мараптталған. Батырдың есімі Нұр-Султан қаласының №17 орта-гимназиясы және Ақмола облысы Атбасар қаласының №2 арнайы коррекциялық мектеп-интернатына берілген.Алматы және Атбасар қалаларында, Мысы с. (Украина), Кадуй (Россия) селосында батырдың есімі көшелерге берілді. Қосбармақ ауылында мемориалдық ескерткіш орнатылды.
Құрылған күні: 16.04.2020 11:09
Жаңартылған күні: 16.04.2020 11:09
Қаралым саны: 2500