1897 жылғы «Ақмола облысы» Жалпы Халық Санағы
2017 жылы 17 мамыр күні, Халықаралық Музейлер Күні қарсаңында Кокшетау қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне сый ретінде Ақмола облысының әкімі – Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин ұсынған, сирек кездесетін жәдігер – 1897 жылғы «Ақмола облысы» Жалпы Халық Санағының түп нұсқасы келіп түсті.
Қазақстан аумағында тұрақты және ортақ статистикалық қызметтің пайда болуы, соның ішінде халықты мерзімді есепке алу XVIII ғасырдың екінші жартыжылдығына, яғни Қазақстанның Ресей империясы құрамына мүше болу кезеңіне жатады. 1897 жылғы санақ Ресей империясының бірінші және алғашқы санағы болған, оған мемлекеттен жеті миллион рубль жұмсалған. Санақ қорытындысы 89 томға – 119 кітапқа басылып шыққан, ал, ережесі 1895 жылы 5 маусымда шығарылды. Оған негіз болған танымал саяхатшы-ғалым В. П. Семенов Тянь-Шанскийдің жобасы, ол мемлекетте тұратын әрбір тұлға туралы мәлімет беретін келесі сұрақтар сияқты болған: аты, жынысы, жасы, отбасылық жағдайы, тіркелген орны, туған жері мен тұратын орны, туған тілі, дінге деген көзқарасы, сауаттылығы және т.б.
ХІХ ғасырдың аяғында Ақмола облысының құрамында бес уезі мен, бес қала: Ақмола, Көкшетау, Атбасар, Омбы және Қызылжар (Петропавл) болған. Халық Санақтың «Ақмола облысы» бөлімі И. Тройницкийдің редакциясында Ішкі істер Министрлігінің Орталық статистикалық комитетімен 1904 жылы шығарылды. Халық санағы ХІХ ғасырдың аяғындағы халықтың саны, құрамы және барлық империя көлеміндегі халықтың орналастырылуы туралы құнды мәлімет береді.
Құрылған күні: 19.05.2017 13:15
Жаңартылған күні: 20.05.2017 10:16
Қаралым саны: 5723