«Жеңіс сарбазы» айдары. Петр Литвинов (1916-1943)
Кеңес Одағының Батыры, сержант
1916 ж. 2 қыркүйегінде Көкшетау уезі Люботино селосында дүниеге келген. 1939 ж. бастап Қызыл Әскер қатарында. Соғыстын ауыр мектебінен өткен ол 2-ші Украина майданы 57-ші әскері 53-ші атқыштар дивизиясы 2-ші атқыштар полкының минометтік ротасында бөлімше командирі болды. Ол 1941 ж. 22 маусымында жау әскеріне алғаш төтеп берушілердің бірі болды. П.Литвинов 1943 ж. 3 қазанында неміс шабуылын тойтару барысында Днепр өзенінің оң жақ жағалауында өзінің ерен ерлігін жасады. 1943 ж. 18 қазанында П.Литвинов Днепропетровск облысы Погребная селосында болған шайқаста қаза тапты. Верхнеднепровск облысы Правобережное селосында бауырластар қабіріне жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 ж. 20 желтоқсандағы Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көреткені үшін сержант П.Литвиновке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, “За Отвагу” медалімен марапатталған.
Құрылған күні: 21.04.2020 19:26
Жаңартылған күні: 21.04.2020 19:26
Қаралым саны: 1670