Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

«Жеңіс сарбазы» айдары. Юрий Малахов (1925-1944)

«Жеңіс сарбазы» айдары. Юрий Малахов (1925-1944)

Кеңес Одағының Батыры, гвардия кіші лейтенанты

1925 ж. 27 қантарында Оренбург қаласында дүниеге келген. 1933 ж. бастап Ақмола қаласында тұрды. 1943-1944 жж. Қызыл Әскер қатарында. Полтава танк училищесін аяқтағаннан кейін 3-ші Беларусь майданы 26-шы гвардиялық танк бригадасының құрамында Белоруссияны, Балтық елдерін азат етуге қатысты. Ниса өзенінің батыс жағалауында (Шығыс Пруссия) шайқастарда жау танкілерінің шабуылдарын тойтару барысында көзге түсті. 1944 ж. 19 жасында Ю. Малахов экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 ж. 24 наурызындағы Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көреткені үшін гвардия кіші лейтенанты Ю. Малаховқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Нұр-Султан қаласында М.Ю. Малахов бітірген мектеп ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған. Малахов М. танк бөлімшесінің жеке құрам тізімінде мәнгілікке тіркелді. Батырдың есімі Калиниград балық аулау флотының бір кемесіне берілген. Оған арнап Жазушы В.Гундарев “Мәнгілік он тоғыз жас” атты деректі повесін жазған.

Яндекс.Метрика

A+AA-