«Жеңіс сарбазы» айдары. Виктор Малышев (1923-1993)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия сержанты
1923 ж. 18 наурызында Куйбышев облысы (қ. Самара обл.) Тимашево станциясында дүниге келген. Ұлы Отан соғысы қарасаңында Ақмола қаласында тұрды. 1942 ж. қантарында Ақмола қаласындағы әскери комиссариатынан Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Сержант 99-шы гвардия атқыштар дивизиясы 300-ші гвардия атқыштар полкында пулемет есебінің командирі. Лодейное поле (Лениград облысы) қаласының жанындағы Свирь өзенінен өту барысында көзге түсті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 ж. 21 шілдесіндегі Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия сержанты В. Малышевқа Ленин ордені және “Алтын жұлдыз” медалі табысталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1950 ж. Кеңес Әскер қатарына екінші рет алынды. Әскери-саяси академиясын бітірді. 1974 ж. бастап запастағы полковник. Лодейное поле қаласының құрметті азаматы. 1993 ж. 22 желтоқсанында дүниеден өтті. Зеленоград қалалық зиратында жерленген.
Құрылған күні: 27.04.2020 18:50
Жаңартылған күні: 27.04.2020 18:50
Қаралым саны: 1602