Акция «НОЧЬ В МУЗЕЕ»
18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Бұл күн 1977 жылы Мәскеулік орыс делегациясының қалауымен Халықаралық музейлер кеңесінің XI Генералдық конференциясында бекітілген. 1978 жылдан бастап Халықаралық музейлер күні 150 мемлекеттен астам жерлерде мерекелене бастады. Алғаш рет бұл акция 1997 жылы 18 мамыр күні Берлинде меркеленіп, алдағы уақытта халықаралық дәрежеге жетті. 2001 жылы акцияға Еуропа мен Американың 39 мемлекеті қатысқан.Ал Қазақстанда «Музейдегі түн» акциясын алғаш рет 2006 жылы Қазақстан Орталық Мемлекеттік музейі өткізді. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі бұл акцияға 2013 жылы қосылды, содан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді.
2017жыл – ерекше жыл, себебі ол айрықша жаңалық: Астана қаласындағы ЭКСПО - 2017 «Болашақ энергиясы» екпінімен тұспалас. Осыған орай Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық музейлер күні қарсаңында жаңа Астана ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» көрмесі аясында «Өркениеттің қалдықтары: мәселелері мен шешу жолдары» атты жоба жұмысын бастады. Жоба мақсаты: Өндірістік қалдықтарды жою мәселесіне назар аударту, олардың қоршаған ортаны ластаудың рөлін және бұл мәселені шешу жолдарын іздеу.
- «Trash Art» көрмесі - №1 алаң (музей кіреберісінде);
- «Жаңа өмір» байқау-көрмесі - №2 алаң (музей фойесі);
- «Шағын ЭКСПО -2017» көрмесі - №3 алаң (ішкі аула).
Музей қызметкерлері «Экомода» дефиле-байқауына қатысты, онда күнделікті қолданатын, т.б. заттардан дайындалған киімдер көрсетілді. Келушілер үшін жас орындаушылардың концерті мен Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Фараб-Отырар өркениеті» көрмесі көрсетілді.
Құрылған күні: 19.05.2017 13:00
Жаңартылған күні: 20.05.2017 10:39
Қаралым саны: 2182