Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Біздің жерлесіміз Иван Одарченко Берлинде Трепт-саябағында тұрғызылған кеңестік азат етуші жауынгер мүсінінің бейнесі болды

Біздің жерлесіміз Иван Одарченко Берлинде Трепт-саябағында тұрғызылған кеңестік азат етуші жауынгер мүсінінің бейнесі болды 0 Біздің жерлесіміз Иван Одарченко Берлинде Трепт-саябағында тұрғызылған кеңестік азат етуші жауынгер мүсінінің бейнесі болды 1

Біздің жерлесіміз Иван Одарченко Берлинде Трепт-саябағында тұрғызылған кеңестік азат етуші жауынгер мүсінінің бейнесі болды. Иван Степанович Одарченко Ақмола облысы Атбасар ауданы Новоалександровка ауылында 1926 жылы туған, онда ата-анасымен соғысқа дейін өмір сүрген. 1944 жылы Атбасар аудандық әскери комиссаритымен Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. Венгрия, Австрия, Чехославакияда шайқасты. Екі рет жараланып, зақымдалды. Соғыс аяқталған соң Иван Одарченко Берлинге іссапарға, қаланың аудандық комендатураларының біріне аттанады. Дәл осы жерде дене шынықтыру күні жарыста оны адамдар арасынан мүсінші Е.Вучетич байқап қалды және одан азат етуші жауынгер мүсінін мүсіндеуді ұсынды. Иван 1945 жылы Берлинге шабуыл жасау кезінде неміс қызын құтқарған сержант Н. Масаловтың рөлін орындады. Масловтың ерлігі – кеңес халқының Ұлы Жеңісінің ұлы символы – Кеңес Әскерінің Жауынгері ескерткішін жасау үшін жұмыс істеген сәулетшілер мен мүсіншілерді шабыттандырды.

Яндекс.Метрика

A+AA-