Степногор тарихи-өлкетану музейінің «БАС ИЕМІЗ ЖЕҢІСКЕ» айдары. Нагаев Омар Нағайұлы 1919-2003 жж.
1919 жылы дүниеге келген. 1934 ж. Қара-Қалпақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Конград облысындағы Орджоникидзе атындағы орта мектепте оқыды. 1938 жылы Чимбайдағы Пушкин атындағы мұғалімдер училищесіне оқуға түсіп, 1942 жылы ақпан айынан окуын бітірген кейін «Мәдениет» ауылына Қара-Қалпақия жері, мұғалім ретінде қызметіне жіберілді. Бірақ сонымен бірге әскерге шақыру түсіп, 1942 жылы қыркүйекте Қарақалпақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Тегейлі ауданынын АӘК Омар Нағайұлын шақырды. 1942 жылы ол 33-ші бригаданың 64-ші резервтік және жауынгерлік полкінде, отряд жетекшісі және саяси командирдің орынбасары қызметтерін атқарды. Содан кейін Орловка станциясы Сталинград зеңбірекші 82 мм. миномет батальоны. Содан кейін Курск қаласы 1943 жылдың тамыз айында Курск-Орел доға, 556 әскеріның 596 полкінің 116 жаяу әскер дивизиясының командирі. Ұрыста жараланып, кировобад қаласындағы эвакогоспитальға жіберілді. 1944 ж. жараланғаннан кейін 34 бригаданың 370 қосалқы-атқыштар полкінің рота комсоргы болып қызмет етті. Одан кейін 145 гвардиялық полкінің танк-қару - жарақ жеке ротасының взвод командирінің көмекшісі. Желтоқсан айында 4 Украин майданының 18 әскеріның кіші лейтенанттарының әскери курс курсанты. 1943 жылы Сталинградта минометші, кейін Курск –Орлов доғасында бағыттаушы болды.Соғыс аяқталғаннан кейін көптеген жылдар бойы ІІМ органдарында қызмет етті. Аға жедел уәкіл , одан кейін Талдықорған облысының ОБХСС бастығы болып және Степногорск қ.ОБХСС ұйымдастырушы болған еді. Естен кетпейді Сарбаздың каһармандығы!!!
Құрылған күні: 06.05.2020 22:17
Жаңартылған күні: 06.05.2020 22:17
Қаралым саны: 1412