Көрме жәрмеңке «Ұлы дала өркениеті»
Бұгін, 2017 ж. 25 тамыз айында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің «Ұлы дала өркениеті» атты көрме-жәрмеңкесін өткізді.
Біртұтас этномәдени алаңда 60-тан астам қатысушылар өз жасаған жұмыстарын ұсына алды. 16 павилъондарда Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты сәндік және қолданбалы өнер Ассоциациясының мүшелері табиғи тастар мен бисерден жасалған эксклюзивті өнімдерін, ағаштан, былғарыдан жасалған өнімдерін, гобелен, сондай-ақ экологиялық таза материалдары ұлттық нақыштағы бейнеленген киізден жасалған киімдерді ұсынды. Арт экспозицияны Ақмола филиалының Суретшілер одағы мүшелері толықтырды, бұнда балалар өнер мектебінің мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің оқытушыларының жұмыстары, сондай-ақ қаламыздың фарфор суретшілері өз жұмыстарын көрсете білді.
«Ұлы дала өркениеті» көрме-жәрмеңкесінің аясында кең ауқымды бағдарламалар болып өтті: мастер-кластар, бұнда белгілі шеберлер өздерінің тәжірибесімен, білімдерімен, және жаңа әзірлемелерімен бөлісті. Іс-шараға келушілер тек көруге ғана емес, сондай-ақ эксклюзивті қолдан жасалган өнімдерді сатып алумен қоса Өнер мерекесінің атмосферасын жақсы сезіне алды.
Құрылған күні: 25.08.2017 23:55
Жаңартылған күні: 25.08.2017 21:00
Қаралым саны: 2620