«Жеңіс сарбазы» айдары. Владимир Миловидов (1926-2001)
Кеңес Одағынын Батыры, гвардия сержанты
1926 ж. 20 наурызында Иванов облысы Новоселки селосында дүниеге келген. Жеті жылдық метепті бітіріп, 1943 ж. әскер қатарына шақырылды. Радист-атқыш мектебін бітірді. 1944 ж. тамыз айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. 2-ші Украина майданының 5-ші гвардиялық танк корпусының 21-ші гвардиялық танк бригадасының Т-34 танкінің радисты болды. Ясско-Кишеневка операциясына қатысып, жаудың үш шабуылын тойтарды. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен 1945 ж. 24 наурызында неміс басқыншыларына қарсы шайқаста тапсырмаларады үлгілі орндап, көрсеткен ерлігі үшін сержант В. Миловидовке Ленин орденi және «Алтын жұлдыз» медалi табысталып, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін ол туған жеріне оралды. Еліміздің жастары Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруді бастаған кезде, В.Миловидов партияның шақыруымен алғашқылардың бірі болып Целиноград облысы М.Маметова атындағы совхозға келді, сол жерде тұрып, жұмыс істеді. Кейін Комсомольск қ. оралып, 2001 ж. 1 желтоқсанында қайтыс болды. Комсомольск қаласында жерленген.
Құрылған күні: 11.05.2020 16:40
Жаңартылған күні: 11.05.2020 16:48
Қаралым саны: 1589