Конституция күні
ҚР-ның Конституция күніне орай Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мен – Қазақстан азаматы» атты іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жас азаматтарына жеке куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.
Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңындағы іс-шараға арнайы шақырылған Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы № 1 филиалы өкілдерінің қолынан 16-ға толған жас қыздар мен жігіттерге өз жеке куәліктерін салтанатты түрде табыс етті. Іс шара барысында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған деректі фильм көрсетілді, сонымен қатар шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, соңында музей залдарына экскурсиямен аяқталды.
Құрылған күні: 29.08.2017 22:10
Жаңартылған күні: 29.08.2017 19:14
Қаралым саны: 2240