Жәнібек хан кесенесі туралы ақпарат
2020 жылы музейдің 100 жылдығы аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен және мемлекеттік лиценизияның арқасында Қорғалжын ауданының аумағындағы ортағасырлық кесененің үйінділерін зерттеуге кірісті, шамамен кесене қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханға тиесілі.
Зерттеу аясында Қазақстан Республикасының жетекші зерттеу орталықтарымен (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) меморандум жасалды, аталған нысанды зерттеу бойынша бірлескен зерттеу тобы құрылды.
«Жәнібек хан кесенесіндегі антропологиялық деректерді сәйкестендіру» жобасының 1-ші кезеңінде бекітілген жоспар бойынша келесі жұмыстар орындалды:
1.Осы зерттелетін ауданның ортағасырлық кезеңінің зерттеу тарихы туралы материалдар жинақталған.
ҚР Ұлттық кітапханасында, Нұр-Сұлтан қаласының ҚР Ұлттық музейінде, Алматы қаласы Орталық кітапханасының сирек кітаптар қорында сақтаулы Жәнібек ханның өмірі мен қызметіне байланысты ортағасырлық ойшылдардың ғылыми басылымдары мен еңбектері зерттелді:
- Рашид ад-Динның «Джами ат-Тауарих» атты еңбегі, Қадырғали Жалаирдың «Шежілер жинағы», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди», Әбілғазының «Түрік шежіресі»;
- -С. К. Ибрагимов, Н. Н. Минглов, К. А. Пищулин және В. П. Юдиннің авторлығымен жасалған еңбектер «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы бойынша материалдар (парсы және түркі шығармаларынан үзінділер)»;
- «Аноним Александра», «Шайбани нама», «Тауарихи гузида-и нусрат нама», «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар», «Фатх нама», «Зубдат ал-асар» зерттеу тақырыбы бойынша қысқаша тарихнама жазылған Натанзинның аудармасы негізінде (1 қосымша).
2. XIX-XXI ғғ. аралығында жиналған ғылыми мақалалар мен мұрағаттық материалдар негізінде жүргізілетін зерттелетін аумақтың археологиялық ескерткіштері бойынша ғылыми-талдамалық жұмыс.
Осы бағыт бойынша Ақмола және Қорғалжын аймақтарындағы шетелдік саяхатшылардың тарихи-этнографиялық зерттеулерінің қорытындылары бойынша материалдар, әскери қызметшілердің жазбалары, кешенді археологиялық экспедицияның нәтижелері жинақталған және зерттелген.
Ақмола облысының XIX ғ. басында болған инженер И. П. Шангин мен географ И. Я. Словцовтың жазбалары, сондай - ақ Орынбор археологиялық комиссиясының ғалым-мүшелерінің А. В. Селиванов пен И. А. Кастаньенің ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазған мақалалары мен еңбектері қарастырылған. Осы кезеңдегі бірқатар маңызды деректер Ақмола облысының географиялық сипаттамасын құру үшін пайдаланылған «Қырғыз өлкесі» саяхат жинағының бөлімінде сипатталған.
Қорғалжын ауданы туралы жаңа деректер алу үшін ғалымдар мен саяхатшылар П. Рычков, А. И. Левшин, М. Красовский, Ш. Уәлиханов, А.А.Шахматовтың және т. б. еңбектері қаралды.
Сонымен қатар, А. Х. Марғұлан атындағы археология институтында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Қ. Ақышев атындағы ғылыми-зерттеу орталығының мұрағаттық материалдары негізінде Жәнібек-Шалқар кесенесі мен оның аумағындағы тарихи ескерткіштер туралы материалдар жинақталған және сипатталған. 1974 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы белгілі ғалым, археолог Ә. Х. Марғұланның жетекшілігімен Қорғалжын ауылының жанындағы Орта ғасырлық қорымдарда Нұра өзенінің бойында зерттеу жүргізгенін атап өткен жөн.
Бұл жобаның негізгі ғылыми деректану базасы археолог Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы К. Ақышев ат. ғылыми орталықтың Жәнібек-Шалқар кесенесі және оның нәтижелері бойынша басшысы археолог М.К.Хабдулинаның басшылығымен 2009 жылғы экспедициясының зерттеу жұмысы болып табылады.
Зерттеу 2020 жылдың соңына дейін жүргізіледі, генетикалық, радиокорбонды, радиоуглеродты анализдер жүргізіледі, сондай-ақ жерлеу орнының антропологиялық бейнесі қалпына келтіріледі.
Құрылған күні: 12.05.2020 22:29
Жаңартылған күні: 12.05.2020 22:30
Қаралым саны: 1981