тепногор тарихи-өлкетану музейінің «БАС ИЕМІЗ ЖЕҢІСКЕ» айдары. Плюйко Павел Михайлович 26.12.1924ж.
Павел Михайлович 1924 жылы 26 желтоқсанда Украинада, Сумы облысы, Коревец ауданы, Ленинский ауылында дүниеге келген. Ол сегіз жылдық мектебін бітіріп, шахтер болуға армандаған, Краснодон қаласындығы ФЗУ училищесіне оқуға түсті.Бірақ соғыс кедергі болды. Неміс әскерлері жақындағанда училище Кемерово облысына Сібірге эвакуацияланды, ол шахтада бекітуші болып жұмыс істеп үлгерді, ал 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Қысқа курстан кейін 829 жеке артиллериялық дивизионның 217 жаяу әскер дивизиясына жіберілді. Әскери рәсімінен «Курск доғасында» қабылдады. Украина, Польша, Румыния, Чехословакияны азат етті. Жеңіс күнін Германия шекарасында қарсы алды. 1964 жылы Степногорск қаласына келді. Содан бері ол қалада тұрады, алдымен Кең-тау химиялық комбинатында,содан кейін «Прогресс» зауытының сату бөлімінде жұмыс істеді, ол жерден 1984 жылы зейнетке шықты. Марапаттары бар: Қызыл Жұлдыз ордені, II дәрежелі Отан соғысы, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендері, «Германияны жеңгені үшін», «Әскери еңбегі үшін», мерейтойлық медальдар.Биыл Жеңіс Ардагері 96 жасқа келеді.
Құрылған күні: 14.05.2020 19:27
Жаңартылған күні: 14.05.2020 19:27
Қаралым саны: 1196