Степногор тарихи-өлкетану музейінің «БАС ИЕМІЗ ЖЕҢІСКЕ» айдары. Быков Александр Матвеевич 1927-2020жж.
Александр Матвеевич 1927 жылы Орлов облысында дүниеге келген, содан кейін ата-анасымен Ақмола облысының Приозерное ауылы көшіп келді. 1944 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Әскери қызметін Қиыр Шығыс майданында, оқу батальонында, пулеметші болып өтті. Қытайды жапон басқыншыларынан босату бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты. 1951 жылы әскерден босатылды. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, адмирал Кузнецовтың медалі, маршал Жуковтың медалі, мерейтойлық және үкіметтік наградалармен марапатталған. Александр Матвеевич соғыстан кейін елді қалпына келтіріп, жұмысын жалғастырды. 1974 жылы Степногорск қаласына көшіп, ОКХК РУ-2-де жұмыс істеді. 2020 жылы 10 мамырда қайтыс болды.
Құрылған күні: 19.05.2020 20:38
Жаңартылған күні: 19.05.2020 20:38
Қаралым саны: 1289