Уақыт хроникасы
29 қыркүйек күні сағат 15:00 де Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Уақыт хроникасы» атты көрме өз жұмысын бастады. Көрмені ұйымдастырушылар КСРО кезеңін толықтай қамтуды мақсат тұтқан жоқ, тек қана кейбір кезеңдерін ұсынды. Музей қызметкерлері кеңестік уақыттың ортасы мен стилін көрсетуге тырысты. Көрмеде күнделікті тұрмыса қолданылған заттар, 50-80 жылдардың ақша бірліктері мен құжаттары көрсетілген. Экспозицияның бір бөлігі XX ғ. 70-80 жж. КСРО сәніне арналған.
Көрме-инсталляция өз жұмысын ағымдағы жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.
Құрылған күні: 13.10.2017 22:20
Жаңартылған күні: 13.10.2017 19:25
Қаралым саны: 2004