«Жеңіс сарбазы» айдары. Никита Митченко(1910-1941)
Кеңес Одағынын Батыры, 28 панфиловшы батырлардың бірі
1910 ж. 3 сәуірінде Ақмола уезі Вишневск болысы Владимировка селосында дүниеге келген.Еңбек өтілін туған ауылы «Пятилетка» колхозында бастады. 1936 ж .жаңұясымен Үштөбе қаласына (Талдықорған облысы) көшіп кетті, онда темір жол станциясында жүктерді ауыстырып тиеу сауда базасында жүк тиеуші болып жұмыс істеді. 1941 ж. 1075-ші атқыштар полкі 4-ші рота құрамының майданына өз еркімен кетті. Н. Митченко 28 панфиловшы батырлардың бірі. Мәскеу мен Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихында 28 панфиловшы ретінде соғысқан топ жаудың 18 танкісін жойды.
1941 ж. қараша айында Дубосеково қаласын қорғап қалу үшін жау танкілеріне шабуыл кезінде қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдесіндегі Жарлығымен Н.А. Митченкоға неміс-фашист басқыншыларына қарсы күрес майданында жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көреткені үшін Кеңес Одағының Батыры атағы қаза тапқаннан кейін берілді. Нелидово селосының (Мәскеу облысы) зиратында жерленген. Вишневка селосының бір көшесі, Владимировка метебі, құрғақ жүк таситын кеме (Одесса теңіз рортына тіркелген) Н.А. Митченконың есімімен аталып, Үштөбе станциясында оның мүсіні орнатылған. Аршалы ауылындағы көшелердің біріне Н.А. Митченко есімі берілді.
Құрылған күні: 22.05.2020 10:50
Жаңартылған күні: 22.05.2020 10:50
Қаралым саны: 2035