Степногор тарихи-өлкетану музейінің «БАС ИЕМІЗ ЖЕҢІСКЕ» айдары. Посохова Любовь Федотовна 15.11.1920 ж.
Любовь Федотовна 1920 жылы 15 қарашада Омбы облысында шаруа отбасында дүниеге келген. Ол соғыс басталғанда 20 жаста болды. «Соғыс жолы, демек, майданға бару керек және маған», деп шешті қыз. Оны алдымен Новосибирск қаласына оқуға жіберді, онда байланыс мамандарын даярлады. Содан кейін аға сержант атағында ол 3-ші Украин майданына түнгі бомбалаушылар дивизиясына түсті. Любовь Федотовна өзінің экипажымен Ворошиловоград, Ростов, Харьков, Днепропетровск, Одесса облыстарында, Белгород, Кривой Рог, Тирасполь, Бессарабияда соғысты, Румынияны, Югославияны, Австрияны, Венгрияны азат етуге қатысты. Любовь Федотовна 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Будапешт алғаны үшін», «Венаны алғаны үшін», «Украинаны азат еткені үшін»жауынгерлік медальдарымен марапатталған. Соғыс кезінде Любовь Федотовна өзінің күйеуі Петрмен кездесті. 1945 жылы әскерден оралды және күйеуінің Отанына – Қазақстанға келді. Зейнетақысына дейін мектеете жұмыс істейді, содан кейін балабақшада. Биыл қараша айында Любовь Федотовна 100 жыл толады.
Құрылған күні: 22.05.2020 16:26
Жаңартылған күні: 22.05.2020 16:27
Қаралым саны: 1165