Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның кесенесін зерттеу» жобасын жүзеге асыру аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда
Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның кесенесін зерттеу» жобасын жүзеге асыру аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Археологиялық экспедицияның 5 күндік жұмысының нәтижесінде археологтармен жоғарғы қабат тазаланып, сыртқы қоршау анықталды. Қазбаның ортасында кесененің орналасқан жері (ені 5 метр және ұзындығы 6 метр) табылды, тақталармен төселген еден тазаланды. Көгілдір глазурьмен қапталған қаптау кірпіштері табылды. Дрон көмегімен мазардың 3D моделін жасау үшін фототүсірілім жасалды, сызбалар мен суреттемелер орындалды. Барлық зерттеулер археологиялық жұмыстарды жүргізу талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Құрылған күні: 28.05.2020 19:01
Жаңартылған күні: 29.05.2020 0:24
Қаралым саны: 1252