«Күміс сиқыры» атты интерактивтік сабақ
2017 ж. 8 желтоқсан күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2018 ж. жүргізілетін «Күміс сиқыры» жоба бастамасы ретінде интерактивтік сабақ өткізілді. Ақан сері атындағы мәдениет колледжнің студенттері экспозицияда және қорда бар қазақ ұлттық бұйымдар коллкециясымен танысты.
Бағдарламада:
а) «Қазақ әшекей бұйымдары» бөлімі бойынша тақырыптық экскурсия (этнография залының экспозициясы)
б) қордағы ұлттық бұйымдарды көрермен назарына ұсыну үшін музейдің ғылыми қызметкерлері: Алина Шрипова, Гүлден Абілғазы, Светлана Юдина, Эльмира Ахметова, Наргис Ахметқалиева дефиле көрсетті;
в) суретші мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің интерактивтік шеберханасы: Базилинов Құрман, музей мамандары Сәрсенбаев Серғазы және Азбаев Нұрлан келушілерді маталл мен тасты өңдеудің техникаларымен таныстырды.
Құрылған күні: 08.12.2017 23:30
Жаңартылған күні: 08.12.2017 20:37
Қаралым саны: 1960