«Жеңіс сарбазы» айдары. Даниил Нестеренко (1918-1954)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия ефрейторы
1918 ж. 24 желтоқсанында Украинадағы Днепропетровск облысы қазіргі магдалина ауданы Миновка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1939 ж. бастап Қызыл Әскер қатарында. 1941 ж. маусымынан Ұлы отан соғысының қатысушы. Гвардия ейфрейторы 37 гвардиялық атқыштар полкінің мергені Нестеренко Д. 1943 ж. 29 қыркүйегінде Белоруссиядағы Гомельск облысы Лоевск ауданындағы Глушец ауылының жанындағы Днепр өзенін бірінші болып өтіп, пулемет отымен өткелден өту жлолын қамтамассыз етті.
КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен 1944 ж. 15 қантарынан неміс-фашист басқыншыларына қарсы күрес майданында жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, көрсеткен ерлігі мен каһармандығы үшін гвардия ефрейторы Д. Нестеренкоға Ленин орденi және «Алтын жұлдыз» медалi табысталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ұлы отан соғысының батыры Қазақстандағы тыңайған жерлерді игеруге белесенді қатысты. Целиноград облысы «Дальний» совхозында трактор бригадасының бригадирі болып жұмыс істеді.
1954 ж. 26 сәуірде қайғылы жағдайда өмірден өтеді. КСРО ордендері мен медальдармен марапатталды. Туған жері Миновка селосында батырдың мүсіні орнатылды. Знаменка селосында, Кеңес Одағының батыры Нестеренко Д. Есімімен көше аталынып, ескерткіш қойылды.
Құрылған күні: 05.06.2020 19:13
Жаңартылған күні: 05.06.2020 19:15
Қаралым саны: 1647