«Жеңіс сарбазы» айдары. Филипп Нижурин (1913-1945)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия аға сержанты
1913 ж. 27 шілдесінде Ақмола облысы уезі Ефремовка селосында дүниеге келді. 1930-1941 жж. «Луч революции» колхозында бухгалтер болып істеді. 1941 ж. бері Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ленинград түбінде, Орталық және 1-ші Украин майдандарында шайқасты. 52-ші әскер 214-ші атқыштар дивизиясы 302-ші жеке барлау рота взводының командирі. Одер өзенін өту барысында көзге түсті. КСРО ордендері және медальдарымен марапатталған. 1945 ж. 3 наурызда Ф. Нижурин ұрыстардың бірінде қаза тапты. Польшада Оттендорф селосында жерленді. 1945 ж. 10 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен гвардия аға сержанты Ф.Нижуринға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағынын Батыры жоғары атағы берілді. Сонымен бірге Ленин орденімен марапатталды.
Құрылған күні: 08.06.2020 10:36
Жаңартылған күні: 08.06.2020 10:36
Қаралым саны: 1726