«Жеңіс сарбазы» айдары. Иван Омигов (1923-1966)
Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш, лейтенант
1923 ж. 12 қыргүйегінде Ақмола губерниясы «Макинка» станциясында дүниеге келген. 1942 ж. ұшқыштар мектебін бітірді. 2-ші Беларусь майданының 4-ші әуе әскери 260-ші шабуылшы авиация дивизиясы 828-ші штурмалық авиация полкінде қызмет етті. 1945 ж. наурызында лейтенант И.Ф. Омигов 123 рет аспанға көтеріліп, жауынгерлік тапсырмаларын ойдағыдай орындады, 11 ұшақ, 38 дзот, 6 танк, 13 далалық, 62 зениттік құралдар мен басқа да көптеген әскери техниканы құртып, жауға қарсы тұрды.
КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен 1945 ж. 18 тамызында неміс басқыншыларына қарсы майданында жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, көрсеткен ерлігі мен каһармандығы үшін лейтенант Иван Омигов Ленин орденiмен және «Алтын жұлдыз» медалiмен марапатталанып, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Соғыс аяқаталған соң, И.Ф. Омигов қызметін Кеңес Әскерінде жалғастырды. 1956 ж. ол Әскери-Әуе академиясын бітірді. 1960 ж. подполковник шенінде запасқа шықты. Воронеж қаласында тұрды. 1966 ж. 12 мамырда кенеттен қайтыс болды, Воронеждің Коминтерновск зиратына жерленген. Ақмола облыстық-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысына арналған экспозициясында батырдың ұшқыштар киетін бас киимі ұсынылған.
Құрылған күні: 15.06.2020 14:52
Жаңартылған күні: 15.06.2020 14:52
Қаралым саны: 1677