«Шабытымның арқауы Көкше-Бурабай» атты көрменің ашылуы
10 қаңтар күні, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Шабытымның арқауы Көкше-Бурабай» атты көрме ашылды.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Бурабай ауданы мен Щучинск қаласының 17 суретшілерінің әр түрлі тақырыптардағы, түрлі жанр, стильдерді қамтитын 63 жұмыстары ұсынылды.
Щучинск қаласының тарихи-өлкетану музейінде жұмыстарын жүргізетін «Арт-Бурабай» атты шығармашылық одағы 2018 жылдың 12 қаңтар күні өздерінің бесжылдығын атап өтпек! Одақтың қызметі жас шығармашылық тұлғаларды қолдаумен қоса өнер және әдебиеттің барлық түрлеріне жататын Шеберлерді біріктіруге бағытталған.
«Шабытымның арқауы Көкше-Бурабай» атты көрме 2018 жылдың 10 ақпан айына дейін жалғасады. Келіп көремін деушілерге есік ашық, осы көрме Сіздердің көңілдеріңізден шығып, естен кетпес жақсы әсер қалдырады деген ойдамыз.
Құрылған күні: 11.01.2018 17:15
Жаңартылған күні: 25.01.2018 14:30
Қаралым саны: 2144