"Жеңіс сарбазы" айдары. Василий Паньков (1925-1944)
Кеңес Одағының Батыры, кіші сержант
1925 ж. 27 қыркүйегінде Ақмола губерниясы Атбасар уезі Ковылянка селосында дүниеге келді. 1930 ж. бастап Магнитогорск қаласында тұрды. 7 сыныптық мектепті бітіріп,вагон депосында электр дәнекерлеушісі болып жұмыс істеді. 1943 ж. қантарынан әскер қатарында, наурыздын айынан бастап Ұлы Отан соғысынын қатысушысы. 139-шы атқыштар дивизиясы 609-шы атқыштар полкңнде бөлімшесі командирі Могилевті босату мен Днепр жаулаумен, Белорус майданында «Багратион» шабуылдау операциясына қатысып, көзге түседі.1944 ж. 8 маусымында 18 жасар кіші командир Паньков Василий өзіне берген тапсырманы орындауда немістер жағынан төніп тұрған қатерге қарамастан барлық айла-тәсілді тауып, Могилев тұсындағы Днепр өзенінің арғы жағына өтеді. Оның әскерлері аядай жерге бекініс жасап, немістердің үш ату ошағын басып алады. Негізгі әскерлер взводына өзеннен өтуге жол ашады. Осы жолы қаншама немістердің көзін жойып, 99 фашисті тұтқынға алады. 1944 ж. 28 маусымында Паньков Василий ерлікпен қаза табады. Могилев қаласында жауынгерлік зиратныда жерленген, ескерткіш орнатылған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 ж. 24 наурызындағы Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін кіші сержант Василий Игнатьевич Паньковқа қаза тапқаннан кейін «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Құрылған күні: 20.06.2020 13:43
Жаңартылған күні: 20.06.2020 13:44
Қаралым саны: 1653