Степногор тарихи-өлкетану музейінің " Бас иеміз Жеңіске" айдары. Разумов Виктор Васильевич
1927 жылы Нижегород облысы Хмелевица ауылында дүниеге келген. Кеңес Әскерінің қатарына 1944 жылы шақырылды. 1947 жылға дейін Батыс-Украин майданының қатарында бандитизммен күрес бөлімдерінде қызмет етті. Жауынгерлік қызметі үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Германияны Жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Соғыстан кейін Саратов қаласына кетіп, әскери училищені бітірген. 1954 жылы Қазақстанға Тың және тыңайған жерлерді игеруге келді. «Ивановский» совхозында жұмыс істеді. Степногорск қаласында тұрған 1966 жылдан бастап. 20 жылдан астам ЕЦ/16 жұмыс істеді.
Құрылған күні: 22.06.2020 12:24
Жаңартылған күні: 22.06.2020 12:24
Қаралым саны: 1134