Степногор тарихи-өлкетану музейінің "Бас иеміз Жеңіске" айдары. Чабан Андрей Степанович
1925 жылы Қиыр Шығыс өлкесі Сучан қаласында дүниеге келген. 1942 жылдан бастап Беларусь майданында Мәскеу түбіндегі арнайы батальонда, барлауда соғысты. Ленинград блокадасының жарылуына қатысты. Сталинград шайқасына және Кенигсберг қаласының шабуылына қатысты. Жапониямен соғыста Солтүстік Кореяны азат етті. Жауынгерлік қызметі үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Солтүстік Кореяны азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Бейбіт уақытта Атбасар қаласында тұрды. От жағушы, машинист көмекшісі болып жұмыс істеді. Степногорск қаласына 1963 жылы келді. Өз еңбек жолын ТТЖП-да машинист болып жалғастырды.
Құрылған күні: 24.06.2020 23:06
Жаңартылған күні: 24.06.2020 23:06
Қаралым саны: 1243