Еліміздің белгілі дизайнері Бекмағамбет Қазанғапов Көкшетауда!
21 ақпан күні облыстық музейдің экспозициясын жаңғырту жұмыстарына байланысты еліміздің танымал дизайнері Бекмағамбет Қазанғапов Алматыдан Көкше жеріне келді. Жаңғырту жұмыстары наурыз айына белгіленіп отыр.
Қазақстан елордасы – Астананың 20 жылдық мерейтойына арнайы, Көкшетау қаласы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тәуелсіз Қазақстан» заманауи тарихы залына реэкспозиция жасау жоспарлануда. Аталмыш залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы, Елбасы Н.Назарбаевтың өмір жолы, еліміздің жаңа елордасы – Астана тарихы мен рәміздері, Көкшетау мен Ақмола өңірінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінің қазіргі уақыты көрсетілмек.
Құрылған күні: 23.02.2018 17:55
Жаңартылған күні: 23.02.2018 15:00
Қаралым саны: 1890