Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

"Жеңіс сарбазы" айдары. Алексей Петров (1907-1945)

"Жеңіс сарбазы" айдары. Алексей Петров (1907-1945)

Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры

1907 ж. 25 қазанында Кубань облысы Новомышастовская станциясында дүниеге келген. 1909 ж. бастап Ақмола қаласында тұрған. 1941 ж. шілдесінен бастап Ұлы Отан соғысы майданында. Шайқаста Сталинград үшін соғысып, Белоруссияны босатқан үшін Александр Невский және Қызыл Ту ореднімен марапатталды. 1945 ж. 25 қантарында 8-ші гвардия әскері 35-ші гвардия атқыштар дивизиясы 102- ші гвардия атқыштар полкінің командирі, гвардия майоры Висланың сол жағалауында жаудың қорғанысын бұзып өту барысында гвардияны басқарады. А.В. Петров басқарған полк ұрыста сегіз сағат болды, Оборники қаласын босатты (Познань қаласынан солтүстік - бастысқа қарай 25 км. Осы шайқаста қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 ж. 24 наурызындағы Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия майоры Алексей Васильевич Петровке қаза тапқаннан кейін «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның құрметіне Нұр – Сұлтан қаласында көшенің аты батырдың есімімен аталынды.

Яндекс.Метрика

A+AA-