"Жеңіс сарбазы" айдары. Михаил Пономарев (1920-2006)
Кеңес одағының Батыры, жойғыш- ұшқыш, подполковник
1920 жылы 15 желтоқсанда Ақмола облысы Алексеевка селосында дүнеге келді. Орта мектепті бітірген. Қарағандағы шахтада жұмыс істеді.
1940 ж. бастап Қызыл әскер қатарында. 1942 ж. пилоттарға арналған әскери авиациялық метепті бітірген. 1943 ж. наурыз айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. 832- жойғыш авиациясы полкының құрамында соғысты. «ЯК» ұшағымен әуе шайқастарына қатысып, жаудың екі ұшағын жойды. 1945 ж. 2 мамыр күні Берлин қаласы түбінде жеңіл байланыс Fi-156 ұшағын құлатып, соңғы жеңіске жетті. 1947 ж. шілде айына дейін Польшанын ӘӘК құрамында болды. Содан кейін кеңестік ӘӘК қатарына оралды. 1957 ж. көктемде капитан М. Пономарев Кореяға жолданып, онда 175 әскери ұшу жасап, 96 әуе шайқасында 10 жау ұшағын жойды. Бір күннін ішінде үш «Метеорды» құртты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1951 ж 13 қарашысында Михаил Сергеевич Пономаревке әскери борышын жауапкершілікпен орындағаны үшін Ленин орденімен және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталынып, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 1968 ж. подполковник Пономарев М. запасқа шығарылды, содан отставкаға . Херсонда тұрды. 2006 ж. 26 қыркүйегінде қайтыс болды.
Құрылған күні: 10.07.2020 17:58
Жаңартылған күні: 10.07.2020 17:58
Қаралым саны: 1583