Ақмола облысында 11 мемлекеттік музей жұмыс істейді. Көне музейлердің бірі Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі болып табылады.
Ақмола облысында 11 мемлекеттік музей жұмыс істейді. Көне музейлердің бірі Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі болып табылады. Ол 2020 жылы өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтеді.
Мерейтойлық іс-шараларды өткізу аясында коронавирус пандемиясынан туындаған эпидимиологиялық жағдайды ескере отырып, 23-24 шілде күндері Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақмола облысының әкімдігінің қолдауымен «Музей тарихы – біздің жадымыздың тарихы» («История музея – история нашей памяти») Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтеді.
Онлайн-конференцияға ғалымдар, жетекші музеологтар, республикалық және өңірлік музейлердің, сондай-ақ Ресейдің ғылыми қызметкерлері қатысады. Сoach-сессия жұмысына спикерлер ретінде Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғалымдары тартылды.
Конференция ЗУМ платформасында онлайн режимде 23-24 шілде күндері сағ.10-00-де өтетін болады. Барлықтарыңызды конференцияға қатысуға шақырамыз.
Құрылған күні: 18.07.2020 17:43
Жаңартылған күні: 18.07.2020 17:43
Қаралым саны: 1509