"Жеңіс сарбазы" айдары. Александр Ращупкин (1906-1958)
Кеңес Одағының Батыры, қатардағы жауынгер, пулеметші
1906 ж. 3 ақпанында Ақмола қаласында дүниеге келген. 1930 ж. бастап Алматы қаласында тұрған. 1943ж. 3 тамызында Алматы қаласынан Қызыл Әскер қатарына шақыртылды. 1943 ж. 2 қыргүйегінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 3-ші Белорус майданы 31-ші әскер 352-шә атқыштар дивизиясы 1160-шы атқыштар полкінің қол пулемет дәлдеушісі. Қызыл армия жауынгері Ращупкин 1944 ж. 23-25 маусымында Орша қаласынын (Витебск облысы) маңында күшейтілген қорғаныстағы қарсыластар үшін шайқас кезінде 100 ге жуық неміс әскері мен офицерлерінінің көзін пулеметпен жояды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 ж. 24 наурызындағы Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін А.М.Ращупкинге «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс аяқталған соң Алматыда жұмыс істеді. 1958 ж. 10 мамырында Алматыда қайтыс болды.
Құрылған күні: 19.07.2020 18:57
Жаңартылған күні: 19.07.2020 18:57
Қаралым саны: 1619