Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

"Жеңіс сарбазы" айдары. Алексей Рой (1922-2016)

"Жеңіс сарбазы" айдары. Алексей Рой (1922-2016)

Кеңес одағынын батыры, гвардия старшина

1922 ж. Көкшетау уезі, Гаршино селосында дүниеге келді. 1941 ж. бастап Қызыл әскер қатарына шақырылды. Әскери училищесін бітірген. Суворов бригадасы мезханикаландырылған Волховахск 6-шы гвардия барлаушы рота взводы командирінің көмекшісі, гвардия страшинасы болып қызмет атқарды. Ол оңтүстікте, екінші, үшінші, Украина майдандарында шайқасты. Екі рет жараланды. Соғыстан кейін Ақсай бекетін немістерден босатты. Дьер қаласынын (Венгрия) іргесіндегі шайқастарда ерекше көзге түсті. 1945 ж. 28 наурызында жаудың орналасқан жеріне кіріп кетіп, жау көздерін гранатамен жойды.Барлаушы жауынгерлермен бірге Рой 20 неміс солдаттарын тұтқынға алды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 ж. 15 мамырдың Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін А.М.Ращупкинге «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Ростов облысының Аксай қаласында тұрды. 2016 ж. 8 ақпанында Аксайда қайтыс болды.

Яндекс.Метрика

A+AA-