Көктем мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңындағы кездесу кеші
Көктем мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 2018 жылдың 6 наурыз күні, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Асыл жар, ардақты Ана» атты ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова және «Мәдениет қайраткері», Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармонияның солисті Мара Есмұқановамен кездесу кеші болып өтті.
Іс-шараға Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармония солисті Хасенов Сәрсенбай, музыкалық мектеп пен өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқушылары қатысты. Іс-шара көрермендері ретінде көпсалалы азаматтық қорғаныс және Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында облыстық музей қорындағы қазақ ұлттық киім үлгілерін көрсетілімі қойылды.
Келген қонақтарымыз «Асыл жар, ардақты Ана» болуға лайықты болу үшін жастарға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, апалық ақыл кеңестерін айтты. Қатысушы студент қауымдары да сұрақтарын қойып, өздеріне қажет толық қанды жауаптарын алды.
Осы кездесу кеші арқылы жастарымыз өздеріне жақсы-жақсы тәлім-тәрбиелерін алды деген ойдамыз.
Құрылған күні: 07.03.2018 14:50
Жаңартылған күні: 08.03.2018 11:50
Қаралым саны: 2341