«Жеңіс сарбазы» айдары. Владимир Савва (1923-1948)
Кеңес одағының батыры, капитан
1923 ж. Көкшетау уезі Красноармейск болысы Мироновка ауылында дуниеге келді. 1940 ж. Әскери қызметке шақырылды. Әскери мектебін училищесін бітірді. Ол капитан дәрежесінде 842-ші атқыштар полкінің батальон командирі қызметін атқарған. 1942 ж. мамыр айында Гомель жаяу-әскер училищесін бітірді. 1942 ж. бастап Оңтүстік-Батыс, Брянск және Воронеж майдандарында соғысқан. Взвод пен ротаны басқарды. Ол Днепр үшін болған шайқаста ерлік көрсетті. 1943 жылдың 26-27 қыркүйегіне қараған түні Савва батальоны Днепрді өтіп, батыс жағалауындағы плацдармды басып алып, полктің негізгі күштері өткенге дейін ұстап тұрды. 1943 ж. 23 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін капитан В.А.Савваға «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін ол әскерде атқыштар полк командирінің орынбасары және мотоатқыштар батальон командирі (Орталық әскер тобында, Чехословакия мен Веенгрия) қызметін жалғастырды. 1947 ж. қазанынан бастап М.В. Фрунзе әскери академиясында оқыды. 1948ж. 17 қазанында Мәскеуде қайтыс болды. Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленген.
Құрылған күні: 29.07.2020 10:54
Жаңартылған күні: 29.07.2020 10:54
Қаралым саны: 1589