Көктемгі сыйлық
8 наурыз көктем мерекесі қарсаңында облыстық музейге киізден жасалған тамаша сыйлық - торлы қамзол мен қасаба алынды. Киіз киімдерді дайындау тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды. Ертеде көшпенді шеберлердің жасаған аса нәзік киіз киімі Азия мен Еуропа базарларында шығыс жібек және атлас маталарынан жасалған ең қымбат тауарлардың бағасымен сатылды. Бүгінде технологиялар мен инновациялардың жедел дамуы мен жаңа материалдарды құру заманында киіз өз орнын жоғалтқан емес. Дизайнерлер одан заманауи сәнді киімдерді жасайды, киізден қалыңдық киімдерін және сәнқұмар жандарға әртүрлі бренд киімдерді тігеді. Заманауи уақыт ағымында Щучинск қаласындағы «Веста – Бурабай» тігін салонының («Екатерина Жукова» ЖК) жас дарынды дизайнерлері көк жұқа киізден қазақ ұлттық киімінің эксклюзивті элементтерін әзірледі. Авторлардың айтуынша, бұл мерекелік киімді әрдайым өзіңмен бірге алып жүруге болады. «Веста-Бурабай» тігін салонының музейге тартқан осы сыйы облыстық тарихи-өлкетану музейінің заманауи ұлттық киімдер топтамасын толықтырды.
Құрылған күні: 13.03.2018 13:40
Жаңартылған күні: 13.03.2018 10:44
Қаралым саны: 2138