2018 жылдың 15 наурызында Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына арналған «Мәңгілік әуені» ЭТНОDAY іс-шарасы өтті (1)
Бағдарлама бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданындағы Ақан серінің мемориалдық кешенінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары делегациясымен кездесу ұйымдастырылды. Кәсіби және дәстүрлі әншілердің орындауындағы ақынның әндері орындалып, митинг өткізілді. Жас ақындар Ақан серіге арналған өздерінің өлең жолдарын оқыды. Ақан серінің мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылды. Айыртау ауданының тұрғындары ұлы ақынның 175-жылдығына арналған іс-шаралардың оның туған жерінде бастау алғаны үшін ақмолалықтарға ризашылықтарын білдірді.
Құрылған күні: 16.03.2018 15:45
Жаңартылған күні: 21.03.2018 12:50
Қаралым саны: 2145