«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Сергиенко (1923-1997)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия аға сержанты, лейтенант
1923 ж. 25 мамырда Ақмола губерниясы Калининск ауданы Журавлевка селосында дүниеге келді. Ақмола депосында машинист көмекшісі. 1941 ж. бері әскер қатарында. 1943 ж. бері Ұлы Отан соғысында. 1945 ж. қантар айына қарай гвардия аға сержанты Н. Сергиенко 1-ші Беларусь майданы 5-ші шабуылдау әскері 89-шы гвардия атқыштар дивизиясы 196-шы гвардия артиллерия полкін басқарады. Польшаны азат ету барысында ерекше көзге түсті. 1945 ж. 14 қантарда Н. Сергиенко Магнушевск плацдармында неміс қорғанысын бұзу операциясына қатысты. Равка өзенінен өту барысында жаудың 10-нан астам жауынгерлері мен офицерлерінің көзін жойып, 5 неміс солдатын тұтқынға алды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945ж. 27 ақпанның Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия аға сержанты Н.Д.Сергиенкоға «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Сергиенко Н. Магнитогорск қаласында өмір сүріп, еңбек етті. Техникумды және Магнитогорск тау-металлургия институтын аяқтайды. 1997 ж№5 мамырда дүниеден өтті.
Құрылған күні: 17.08.2020 20:14
Жаңартылған күні: 17.08.2020 20:14
Қаралым саны: 1646