2018 жылдың 15 наурызында Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына арналған «Мәңгілік әуені» ЭТНОDAY іс-шарасы өтті (2)
Екінші бөлімге сәйкес Көкшетау қаласының Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында журналист Жабал Ерғалиевпен, филология ғылымының кандидаты, доцент Сәбит Жәмбекпен, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Абуевпен, қоғам қайраткері Болат Қошымбаевпен, Ақтоқтының жиен немересі Орынбасар Токеновамен кездесу ұйымдастырылып, ақынның тарихта алған орны мен шығармашылығы жайлы панельдік талқылау өткізілді.
Талқылау спикері Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясының солисті Сәрсенбай Хасенов болды. Концерттік бөлімінде Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясының солисті Абсалық Салық, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Бисара Макенова мен Ғазиза Жұмекенова Ақан серінің шығармаларын орындады. «Мақпал» және «Ақтотының зары» әндерін Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқушылары Ерханат Ерқұланбек, Шешхан Өмірзақ шырқады. Қатысушылар мен қонақтарға «Ақан серінің адалбақаны» атты қысқаметражды фильмі, Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық театры қойылымдағы «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклінен үзінді көрсетілді. Ақан серінің шығармашылығына арналған кітап көрмесін М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханасы көрсетсе, қазақтың ұлттық аспаптары, Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Ақан сері домбыраларының көшірмесі, Ақан сері мен Ақтоқты Бақтыбайқызының пайдалынған заттары қойылған «Сал-серілік дәстүрдің салтанаты» атты көрмені әдебиет және өнер музейі ұсынды.
Құрылған күні: 16.03.2018 15:50
Жаңартылған күні: 21.03.2018 12:51
Қаралым саны: 3165