«Жеңіс сарбазы» айдары. Александр Скнарев (1912-1944)
Кеңес одағының батыры, гвардия майоры
1912 ж. 22 мамырда Көкшетау уезі Володар селосында дүниге келген. 1935 ж. мектепті бітірген кейін Тынық мұхиты флотына шақырту алды. Қиыр шығыста жеті жыл борышын өтейді. 1942 ж. тамыз айынан бастап Ұлы Отан соғысы ұрыстарына қатысады. Солтүстік флотқа түсіп, сол жерден оны авиацияға жібереді. 1944 ж. 16 қазанында Хибергенест мүйісі маңында жау кемелеріне жақындаған тұста ұшаққа снаряд тигеніне қарамастан бағытынан қайытпайды. Өрт астындағы ұшақ 800 метр биіктіктен торпеданы тастап, 6-8 мың тонна су сыймдылығы бар кемені суға батырады. Өртке оранған ұшақ суға батып, экипаж өз әскери борышын аяғына дейін орындайды. 1944 ж. 5 қарашаның Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия майоры А. Скнаревқа қаза тапқаннан кейін «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың мүсіні Североморск қаласындағы Сафонов поселкісі Солтүстік флот әуе ұшқыш батырларының Аллеясында тұрғызылған 53 солтүстік теңіз ұшқыштарының қатарында бар. Украинадағы Донецк облысы Макеевка қаласы мен Володаровское селосындағы көшлерге батырдың есімі берілген.
Құрылған күні: 24.08.2020 12:48
Жаңартылған күні: 24.08.2020 12:48
Қаралым саны: 1910