Тәжірибе алмасу және аймақаралық ғылыми байланыстарды дамыту
Ағымдағы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолдауымен «ШҚО-ның археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2019-2020 жж. дамыту бағдарламасы» бойынша қабылданған «Қола дәуірінен бастап ерте ортағасырлық кезеңдерге дейінгі Алтай-Тарбағатай» жобасының аясында Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақбауыр» (Ұлан ауданы, ШҚО) және «Берел» (Катонқарағай ауданы, ШҚО) ескерткіштерінде ауқымды археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты тәжірибе алмасу мен аймақаралық ғылыми байланыстардың дамуы мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде жалпы тарих және археология бөлімінің маманы Половцев М.Ю. Ақбауыр және Берел ескерткіштеріндегі археологиялық зерттеу (қазба) жұмыстарына қатысуда.
Далалық зерттеу жұмыстары барысында көптеген тәжірибе алмасып, қоныстар мен қорғандарды зерттеудегі әдіс-тәсілдерді, тахометр мен электромагниттік геосканермен жұмыс жасауды, ортофото жоспарды құруды үйренді.
Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстандағы кезекті археологиялық ашылым 2019 жылы болған еді. Ғалымдардың анықтауы бойынша Ұлан ауданында орналасқан Ақбауыр тауына қатысты археологиялық ескерткіштердің қатарынан қола дәуірінің соңғы кезеңі мен ерте темір ғасырының ерекше қоныстары табылды.
Құрылған күні: 24.08.2020 17:17
Жаңартылған күні: 24.08.2020 17:17
Қаралым саны: 1672