2018 жылдың 15 наурызында Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына арналған «Мәңгілік әуені» ЭТНОDAY іс-шарасы өтті (3)
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде қонақтарға арнайы музей залдары және «Көкшетау – өнер бесігі» экспозициясы бойынша экскурсия өткізілді. Залдың бір бөлігінде Орынбасар Токенованың музейге тапсырған Ақтоқтының әшекейлері қойылған. Іс-шара қазақтың ұлттық киімдері мен күміс әшекейлерінен құралған дефилемен аяқталды.
Құрылған күні: 16.03.2018 15:55
Жаңартылған күні: 21.03.2018 12:53
Қаралым саны: 1966