Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қымбатты достар!
Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Қымбатты достар!
Сіздерге Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі 2020 жылдың 3 қыркүйегінен бастап келушілер үшін өзінің есігін айқара ашатынын хабарлауға қуаныштымыз!
Алғашқы келушілерді естелік сыйлықтар күтуде.
Музей бекітілген тәртіпте күн сайын 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Санитарлық күн – дүйсенбі.
Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.
Музей келесі сеанстар бойынша қызмет көрсетеді:
➡1-ші сеанс 10.00 – 10.45;
➡2-ші сеанс 11.00 – 11.45;
➡3-ші сеанс 12.00 – 12.45;
➡4-ші сеанс 15.00 – 15.45.
➡5-ші сеанс 16.00 – 16.45
✳Ескерту: сеанс – бұл Музейге кіруге болатын уақыт.
Музейді тамашалау уақыты: 45 минут.
Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында келушілер міндетті:
- маска мен қолғапты қолданыңыз. Музей келушісі маска мен қолғаппен келе алады;
- Музейге кірген кезде дене температурасын байланыссыз тексеруден өтіңіз. Қауіпсіздік мақсатында музей қызметкері жоғары температуралы келушіге қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы;
- Музейге кірген, шыққан кезде және оның ішінде келушімен бірге келген туыстары мен жақындарынан басқа келушілермен 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз;
- Музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз;
- келушілер жоғарыда көрсетілген әрекеттерді сақтамаған жағдайда Музей қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ келушілердің болуына бағытталған шараларды қолдануға және бұзушыны музей ғимаратынан шығаруға құқылы.
Құрылған күні: 02.09.2020 17:56
Жаңартылған күні: 02.09.2020 17:57
Қаралым саны: 1409