Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні!




5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні!

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді. Атап айтқанда, Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істеп тұр.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі елімізде тұрып жатқан халықтардың бірлігі мен келісімін, достығы мен ынтымақтастығын көрсету мақсатында, Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "СӨЙЛЕСЕЙІК. ПОГОВОРИМ. LET'S SPEAK." онлайн-әңгімесін назарларыңызға ұсынады.

Яндекс.Метрика

A+AA-